“Байына “тоқал сыйлағыш” “жомарт қатындар” өздерін Сара, ал тоқалды Ажар анамыздай сезінетін шығар” - Сәуле Әбілдаханқызы
Журналист Сәуле Әбілдаханқызы "тоқал сыйлайтындар" туралы пікір қалдырды. |
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Байына "тоқал сыйлағыш" "жомарт қатындар" пайда болыпты... Прямі солар байларын — Ибраһим пайғамбардай, өздерін — Сара, ал тоқалды — Ажар анамыздай сезінетін шығар...
Сонда ол "тоқал" біреуге "сыйлық" болып кете беретін зат па, құл ма, күң бе? Оны "сыйлайды", есалаң еркексымақтары ол "сыйлықты" алады... Идиотизм...
Ар-намыс, ұят дегеннен жұрдай болды бұ жұрт", — деп жазды Сәуле Әбілдаханқызы.