“Мынау қуып жүр, мынау бір топас” деп жазатындардың 99%-ы діңкеш болып шығады - Ахметбек Нұрсила
Кәсіпкер Ахметбек Нұрсила жаңа жазбасымен бөлісіп, дінге жақын азаматтар туралы тағы да сөз қозғады. |
Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Жақында ағайын-туыс жиналған бір отырыста "Мен ешқайсыңды, ешқашан кешірмеймін" деп мәлімдеме жасадым. Бірер минут бәрінің көңіл-күйі түсіп, біртүрлі болып қалды.
Біраздан соң інім "Неге" деп сұрады. Мен "Өйткені мен ешқашан, ешқайсыңа ренжімеймін, сондықтан кешіріп те керегі жоқ. Мен кешіретін құдай емеспін, құдайдың рөлін өзіме алғым келмейді" деп едім, бәрі "Ух" деп күліп, мәз -мәйрам болып қалды
Маған осы әлеуметттік желіде мен таныматйын адамдар небір боқтық, былапыт, қарғыс сөздерді қарша боратып жатады, мен де оларды "кешірмеймін")))
Мен пост жазғанда адамның жеке басына тиіспеуге тырысамын, тек бір жағдайларды, мәселелерді не бір адамның қылығын, әрекетін сынаймын. Ал комменттегілер "Мынау қуып жүр, мынау бір топас, тағысын тағы" небір сөздерді жібереді. Зерттесем солардың 99% діңкеш болып шығады. Дін осыған үйрететін болуы керек
Бәріміз Қазақ елі деген бір кемеде келе жатқан соң сол кеменің болашағына алаңдауымыз керек қой. Мемлекеттің саясаты, қоғамдағы бір жағдайларды айтқанда соған алаңдап айтамыз.
Ел даму үшін не істеген жөн, нені істемеген дұрыс деген тақырыпта (Мысалы үлкен спорт, эстрада тағысын тағы) жайлы пост жазсам сол үшін өзіне тиіспеген қандасына небір былапыт сөздер жазу мәдениеттілікке, білімділікке жатпайтынын ескерулеріңізде сұраймын..
Сіздің жеке басыңызға, ата-анаңызға тіл тигізіп жатсам жөн, ал араб үшін. бокс үшін, эстрада үшін, ережесіз жекпе жек үшін қандасыңа ауыр сөз айту сізге жараспайды
Бірақ мен сізге ренжімеймін, аяймын, сондықтан кешірмеймін де", — деп жазды Ахметбек Нұрсила.