Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Қоғамдық орындарда түкіргендерге 19 млн теңге айыппұл салынды

13.09.2023 16:13 Точка зрения

Құқық бұзушылық бас қаладағы базарлардың маңайында жиі тіркелген.

Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Астанада жыл басынан бері қоғамдық орындарда түкірген 1 200 адамға 19 млн теңге айыппұл салынды.

ІІД Жергілікті полиция қызметі басқармасының басшысы Арман Айтмағамбетовтың айтуынша, бүгінде оның 5 млн теңгесі немесе 28%-і өндірілді.

Түкіру фактісі бас қаладағы базарлардың маңайында жиі кездескен. Олардың барлығы бейнекамералар арқылы анықталған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

"Жалпыға ортақ орындарды ластауға жол бермеу үшін құқық бұзушылықтардың жолын кесіп келеміз. Әсіресе, қоғамдық орындарда және көшелерде түкіріп жатқан азаматтарға назар аударылады", — деді Арман Айтмағамбетов.