Қазақстанда жаңа тиын пайда болды
Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов алтынмен қамтамасыз етілген жаңа цифрлық монетаның іске қосылады. Бұл туралы қаржыгерлердің XII конгресі барысында белгілі болды, деп хабарлайды LS.
"Цифрлық инвестициялық монета" жобасы аясында монеталарды сатып алуға, Ұлттық банкке кері сатуға, AIX, Tabys арқылы цифрлық форматта сатуға болатыны хабарланды. Сондай-ақ , олардың жеткілікті саны жинақталған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын инвестициялық монетаға айырбастауға болады.
"Мұндай монеталарды алғаш рет 2025 жылдың басында сатып алуға болады. Біз бір жағынан токенизация трендін ұстанамыз. Екінші жағынан, біз еліміздің барлық инфрақұрылымын белсенді қолданатынымызды көрсетеміз. Біздің негізгі биржамыз болып табылатын KASE және жаңа құралдарды дамыту тұрғысынан үлкен ставка жасалатын AIX сияқты", — деді ол.
Сүлейменов цифрлық монета алтынмен қамтамасыз етілетінін атап өтті.
Цифрлық баламадағы инвестициялық монетаның құны LBMA (Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы) белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық банк белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады.
Осы жоба үшін арнайы жаңа ÚKI инвестициялық монетасыныңэксклюзивті дизайны әзірленіп отыр. Оның салмағы – 31,1 грамм, номиналы 100 теңге, алтын сынамасы – Аu 999,9.
Монета "Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері" сериясындағы коллекциялық монеталар стилінде жасалған және блистерде шығарылады.
Бір жыл бұрын осы күні цифрлық теңге іске қосылды.