Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Ресейден газды Өзбекстан құбыры арқылы аламыз – Алмасадам Сәтқалиев

29.08.2023 16:13 Авторитетно

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қашаған операторымен арадағы даудың қандай сатыда екенін айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«Білесіз бе, ол жерде шым-шытырық жұмыс жүріп жатыр. Консультанттарды тарту арқылы үнемі консультациялар, оның ішінде концорциум өкілдерімен жұмыс кездесулер жүріп жатыр. Қазіргі таңда біз аталған процесті тоқтатқан жоқпыз, тиісті тәртіпке сай жүріп жатыр», — деді Алмасадам Сәтқалиев Үкімет кулуарында.

Оның сөзінше, қазір Ресей Федерациясынан газ алудың техникалық мүмкіндігі бар.

«Бізде бірнеше магистралдық газ құбыры бар екенін білесіздер. Қазір осы газ құбырларын жөндеп жатырмыз. Сол арқылы Ресей Федерациясынан газ алып, жалпы газ транзитін қамтамасыз ете аламыз.

Ал Өзбекстанға газ тасымалдайтын құбыр тармағы Қазақстанның газ магистраліне жалғанды. Ол тармақ газ транзитін де қамтамасыз ете алады, ішкі нарыққа да газ жеткізуге мүмкіндік береді. Күздің аяғына қарай нақты көлемін айта аламыз», — деді министр.