"Бізде боксшылардың 99 пайызы намазхан": Біреудің артына кірмеймін деп ағынан жарылған атышулы бапкер тағы да елді шулатты
Әйелін күңше жұмсайтынын айтып, елді шулатқан атышулы балалар бапкері Мұхит Амантаев спортшылар туралы бар шындықты айтты. |
Бокс бапкері бұл жолы елдегі боксшылардың 99 пайызы намазхан екенін ашық айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Qasqa jol YouTube арнасына сұхбат берген ол, өзі және елдегі спортшылар жайлы бар шындықты айтты.
"Өзіме үлгі болған, маған қолдау көрсеткен жандарды ешқашан ұмытпаймын. Қазақ айтады ғой, сыйлығанның құлы бол, міне сол принципті ұстанамын. Сосын, тәлпіштеніп, біреудің артына кірмеймін. Қалай бар, солай жүретін адаммын. Сол мінезім үшін де, кей жерде таяқ жеп қаламын", — деп ағынан жарылды спортшы.
Сонымен бірге ол елдегі спортшылардың көпшілігі намазхан екенін де мойындады.
"Мен құдайдың жолында жүрген, керемет адам емеспін. Мен өзім намаз оқымаймын, бірақ адам болғаннан кейін бір нәрсеге сену керек қой. Басқа спортшыларды білмеймін, бізде боксшылардың 99 пайызы намазхан. Намаз оқымасам да, Құдайға сенемін, барлық нәрсені содан сұраймын. Егер Алладант шын ниеттеніп, сұрасаң, сол тілеуіңді құдай өзі алдыңа береді", — деді бас баспкер.
Сұхбат барысында балалар бапкері өзбек боксшыларының қазақтардан озып тұрғаны туралы сауалға да жауап берді.
"Қазір бәрі дамып жатыр. Сол сияқты сопртта да солай. Біздің жас күнімізде бокс дамымамған Қытай, Иран, Түркменстан, Тәжікстан қазір қола түгіл, бокстан спортшылары алтынға таласатын деңгейге жетті. Өзбекстан да дәл солай. Бірақ біздің бокс өзбектерге қарағанда таза, мықты. Олар бұрмалап, кейде орын алып кететіні бар. Бәрі адамның өзіне байланысты, еңбектенген адам ешқашан далада қалмайды", — деді бапкер.