Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Абай облысында әкімдік жөнделмеген саябаққа 10 млн теңгеге жуық ақша төлеген

13.11.2023 04:21 Авторитетно

Абай облысы Бородулиха ауданының прокуратурасымен бюджет қаражатын жұмсау кезінде бұзушылықтар анықталды

Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн.теңге айыппұл тағайындалды.

Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізді.

Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн.теңге төленді.

Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасты.

Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне тапсырылды.

Сурет: ашық дереккөзлерден