Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Неге ІІМ жаяу жүргіншілерге қатысты резонанс тудырған түзетуден бас тартты

17.01.2024 16:06 Казахстан

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха жаяу жүргіншілерге қатысты түзету туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін ІІМ жол қозғалысы ережелеріне жаяу жүргіншілерге қатысты ұсынылған түзетуді қоғамдық талқылаудан кейін алып тастағаны белгілі болды.

"Оны талқылауға шығардық, білесіздер ғой, қоғамдық тыңдаулар шешім қабылдау үшін өткізіледі. Бұл норма қоғамдық талқылауға шығарылды, көптеген сарапшы мен азамат қарсы болды. Ол жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған болса да. Бірақ екі түрлі пікір болғанын ескеріп, оны алып тастауды шештік", — деп жауап берді Лепеха Мәжіліс кулуарында.

Айта кетейік, Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелеріне өзгертулер енгізуді ұсынған болатын. Оған сәйкес бағдаршамның немесе жол диспетчерінің рұқсат беретін (жасыл) сигналы жанған кезде жаяу жүргінші қиылыс арқылы бұрын басталған қозғалысты аяқтау үшін келе жатқан көліктерге жол беруі керек болған.