"Қайрат, сөзіңнің түрі осы ма, мәдениет қайда, әлде ішіп алғансың ба?": Сахнаға тілі күрмеліп, мас күйінде шыққан Қайрат Нұртастың масқарасы шықты
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртастың масқарасы шықты. |
Бұл жолы әнші сахнаға мас күйінде шығып, қалың көпшілік алдында ұятқа қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әншінің ел алдында тілі күрмеліп, сөйлей алмай қалған сәті желідегі парақшалардың бірінде тарады. Онда өнер иесінің сахнада аузына келгенін айтып, екі сөздің басын құрай алмай тұрғанын анық көруге болады.
Көпшілік өнер иесінің киелі сахнаға осындай күйде шығуын жаппай сынап тастаған. Олар:
"Сөзінің түрін-ай, мәдениеттен жұрдай, жабайылық", "Мынау ішіп алған ба, мәдениет қайда?", "Ішіп алған ба, әлде тісі түсіп қалған ба?", "Сахна мәдениеті деген қайда?", "Аузына не түссе соны айта беретін болған ба?", "Мынауың сөйлей алмай тұр, өлеңді фонограммамен айтады ғой" деген пікірлерін жаудырып жатыр.