Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Маңғыстаудан Махачкалаға дейін: Каспий арқылы круиз лайнері жүреді

03.06.2025 08:32 Казахстан

Каспий теңізінде круиздік лайнер жыл соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы туризм индустриясы комитеті LS тілшісіне толығырақ мәлімет берді.

Ведомствоның мәліметінше, Маңғыстау облысында круиз саласында үлкен әлеует бар.

Осыған байланысты өңірде теңіз курорттары мен жағажай туризмін дамыту жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар Каспий теңізінің жағалауында, нақтырақ айтқанда, Ақтау мен Құрық порттарының аралығында жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда қонақүйлер мен тақырыптық ойын-сауық паркін қоса алғанда, жаңа туристік нысандардың құрылысы жүріп жатыр.

Сондай-ақ, ресейлік круиздік лайнерді іске қосу көзделуде. Ол "Судағы бес жұлдызды қонақүй" тұжырымдамасына сәйкес жасақталған. Лайнердің Ақтау, Астрахань (Ресей), Түрікменбашы (Түрікменстан), Әмірәбада, Ноушехр мен Ензели (Иран), Баку (Әзербайжан) және Махачкала (Ресей) порттарына тоқтауы жоспарланып отыр.

Жыл соңына дейін судағы қонақүйдің пайдалануға беру актісі алынып, Каспий арқылы алғашқы сынақ сапары ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, жағалау мемлекеттерімен круиздік маршруттарды бірлесіп дамыту және салалық ынтымақтастықты кеңейту бағытында құжаттар жобалары қарастырылуда. Бұған дейін Әзербайжанмен (2020 жылдан) және Иранмен (2019 жылдан) келіссөздер басталған. Қалған Каспий маңы елдерінің нақты ұстанымы әзірге белгісіз.

Туризм индустриясы комитетінің мәліметінше, жобалар жеке инвестиция есебінен жүзеге асады, мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлінбейді.

Бұл бастамалар өңірге келетін туристер санын арттырып, инфрақұрылым мен инвестициялық жобаларды дамытудың жаңа мүмкіндіктерін ашпақ. Сондай-ақ, жергілікті компаниялармен бірлесіп жаңа туристік өнімдер мен маршруттар әзірленіп жатыр.

Похожие материалы