Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

«Өкпесі кішкентай ғана болды»: Мәдина Ералиеваның мәйітіне сараптама жасаған дәрігер әншінің өліміне қатысты бар шындықты айтты

25.08.2023 16:13 Новости

Мәдина Ералиева қайтыс болған соң, мәйітіне сараптама жасаған дәрігер, әншінің өліміне қатысты өз шындығын айтты.

Оның сөзінше, Ералиеваның өкпесі оның басқа ағзаларына қарағанда көлемі кішкентай болған, деп хабарлайды KAZAKH TV телеарнасына сілтеме жасаған Caravan.kz медиа порталы.

Мәдина Ералиева жол апатына түскен соң, оның мәйітіне сараптама жасаған дәрігердің аты-жөні Мағауия Бөкешовболған. Ол сол жылдағы қайғылы оқиғаны былай деп еске алады:

«Жұмыс барысында мамандығым патологанатом болғандықтан, жансыз Мәдинаның мәйітіне медициналық сараптама жасадым да, қорытындысын жазған едім. Сараптама кезінде Мәдинаның қос өкпесі өзге ағзалардан кішкентай ғана екенін көріп таңғалдым. Әр адамның анатомиясы әртүрлі болатыны белгілі ғой. Менің дәрігер ретінде айтарым, әдетте әншілердің өкпесінің шағын немесе үлкен болуы ән айтқанына байланысты болмайды. Бұл ауыз қуысындағы дыбыс шығару жолдарына қатысты. Сараптама қорытындысына «көлік жарақаты» деп қорытынды жаздым. Бұл жайт маған да оңай тимеді. Мәдинаны кім танымайды дейсің?! Туыстары мәйітін алып бара жатқанда іштей «иманды болсын» деп көз жасымды сығып қала бердім», – дейді дәрігер.