Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Толассыз жаңбыр салдарынан 28 адам қаза тапты

13.09.2023 16:09 Новости

Алдағы күндері тағы да қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында соңғы үш күнде толассыз жауған жаңбыр салдарынан кем дегенде 28 адам қаза тапты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

India Today телеарнасының хабарлауынша, сенбіден бері штаттың бірнеше ауданында толассыз жауын жауып жатыр.

«Кейбір ауданда екі күнде 100 мм-ден астам жауын жауса, Бахрейч пен Барабанки аудандарында небәрі 24 сағат ішінде 250 мм-ден астам жауын жауған», — делінген хабарламада.

14-15 қыркүйекте штат бойынша тағы да қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр, одан кейін жаңбыр саябыриды.

Метеорологтар Бенгал шығанағының үстінде төмен қысымды аймақ қалыптасып жатқанын ескертеді, сондықтан алдағы екі-үш күнде жағалаудағы Одиша штатында да жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін.