Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

«Бәрі ақшаның арқасы»: Елге ақыл айтамын деген Гүлзира Айдарбекова көпке жақпай қалды

06.10.2023 16:04 Новости

Танымал эстрада әншісі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова елге ақыл айтамын деп, сынға қалды.

Көпшілік оның «ақшаның арқасында жүргенін» ашып айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz.

Бұл туралы ойын ол өзінің желідегі парақшасында мәлім етті.

«Көпшілік менен сіз неге шаршамайсыз? Энергияны қайдан аласыз деп сұрап жатады. Мен кішкентайымнан ата-анамның берген тәрбиесі. Еңбекқорлық, қарапайымдылық дегенді мен ұстап қалдым. Ұлдарыма да, келіндеріме де айтарым сол. Ешқандай уақытта аспандап кетпеңдер, қарапайым болыңдар. Алма ағашы гүлдеген сайын басын иеді ғой, сол сияқты болыңдар дедім...», — деп ағынан жарылды продюсер.

Десе де көпшілікке Айдарбекованың бұл ойы жақпай қалды.

«Бәрі ақшаның арқасы, ақшаң болса, өзі де энергияң тасиды», «Келіндеріңізге қатысты айтып тұрсыз ба? Жұлдызбен араларыңыз суып кеткен ғой деймін...», «Енді сіздің ақыл айтқаныңыз қалып еді, бәрі ақыл айтқыш әйтеуір» деп сөгіп тастады көпшілік.