Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Атырау облысында көлік өзенге батып кеткен

18.10.2023 16:01 Блиц

Атырау облысында көлік өзенге батып, екі адам қаза тапты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

17 қазанда учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған. Бұл хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды.

"Көлік ішінен 1971 жылы туған және 1981 жылы туған екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған", — делінген хабарламада.

Бейнекамераларға 16 қазанда сағат 23:18 шамасында автокөлік жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.