Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Журналист Жанбота Төлегенді өлтірген Габриэль Хохобашвили 11 жылға сотталды

19.02.2024 16:15 Блиц

Грузияда 50 жастағы Габриэль Хохобашвилиге қатысты үкім шығарылды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Jasqazaq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды

Оқырманның есіне сала кетейік, ол былтыр жазда журналист Жанбота Төлегенді өлтіргені үшін қамауға алынған.

Жанбота Төлегеннің әріптестері өткен жылы мамыр айында оған іздеу салып, дабыл қаққан болатын. Көп ұзамай оның Грузияда қаза болғаны жария етілді. Тіпті өлтірген адамды да ізін суытпай ұстады. Ол Габриэль Хохобашвили деген Грузияның азаматы болып шықты. Жанбота Төлегенмен 2015 жылдан бері таныс-біліс, әбден сеніміне кіргені де анықталды.

Өткен жылы ол Жанботаға әкесінен мұраға қалған үйді сатуға көндіреді. 18 мамырда үй сатылады да, 20-сы күні олар Тбилисиге барады. 21 мамырда Г.Х. Жанботаны басынан кірпішпен ұрып өлтіріп, денесін Кахетидегі өзенге лақтырып жібереді.

Ұсталған соң Жанботаны өлтіргенін мойындайды. Бірақ ақшаны иемдену үшін қасақана жасамағанын айтып ақталады. Сол кезде қаскөйдің ақшаны алу үшін өлтіргені, яғни материалдық мүддесі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін делінген.
Енді міне, сот үкімімен ол 11 жылға сотталды. Сот Хохобашвилидің «жеке мүддесі үшін қасақана өлтіргені дәлелденген жоқ» деген уәжді алға тартады.

Габриэль Хохобашвилидің әу бастан «қасақана өлтірген жоқпын» деуден танбауы енді түсінікті болды. Сот тек «Кісі өлтіру» бабы бойынша жаза белгіледі.

Похожие материалы