"Тәлпіш жұмбақтамай айтсаң, болмай ма": Желіде құпиясын ашқан Айгүл Иманбаева елді шулатты
Танымал актриса Айгүл Иманбаева желіде жұмбақ жазба қалдырамын деп, көптің сынының астында қалды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Өнер иесі көппен жақсы жаңалығымен бөліспек болған.
"Сәлем Достар! Алдыңғы посттағы жаңалығымды ешкім таппады! Қандай жаңалық деп ойлайсыз...", — деп жазды ол.
Көпшілік актрисаны тұрмысқа шығады, я болмаса ұлы келін түсіреді деп ойлаған.
Ал, кейбір оқырмандар өнер иесінің жақсы жаңалықты не себепті жасырғанын айтып, жаппай сынның астында қалдырған.
"Тәлпіш жұмбақтамай айтсаң, болмай ма", "Сонша жасырып не болды сізге? Бәрі шетінен жұлдыз болып кеткен, халыққа қызық емес бұлардың өмірі", "Не дейді тағы? Тұрмысқа шыққалы жатыр ма?" деп жазды олар.