“Олар әрқашан бірдей ойнайды”: «Қайрат» бапкері «Тобылға» қарсы матч туралы ойын айтты
«Қайрат» бас бапкері Кирилл Кекер «Тобылды» жеңгеннен кейін (2:1) журналистердің сұрақтарына жауап берді. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Prosports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
– Ауыр, бірақ лайықты жеңіспен құттықтаймын. Ойын жоспары қандай болды? «Тобылдың» құрамды ротациялағаны білінді ме?
– «Тобылдың» барлық матчын көретін болсаңыз, онда олар кімнің шыққанына қарамастан әрқашан бірдей ойнайды. Кейбір ойыншылардың деңгейі жоғары, ал қалғандарыныкы төменірек. Бұл ойынға әсер етеді. Шыны керек, бізге қарсы 5 легионер, ЕЭО-дан 4 ойыншы және 2 қазақстандық шықты. Олардың ротация жасағанына мүлде мән бермейміз. Ең алдымен, ойынымыз өзімізге ғана байланысты. Құрамымызды жиі өзгертеміз, өйткені жаттығуға қарап, барлығына ойнауға мүмкіндік береміз.
– Арнайы біреуге қарсы ойнадыңыздар ма? Мысалы, Деблеге қарсы.
– Олардың командасын, ойыншыларын жеке-жеке талдадық. Дебленің белгілі бір қасиеті бар білікті әрі жақсы футболшы екені анық. Алаңға шыққанда оның өте жылдам ойыншы екенін байқадық. Маки мен Сашаға оған қарсы қатал ойнауды айттым.