Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Елде жаңа үйдегі пәтерлер қымбаттады

10.10.2023 02:27 Страна.Мир

Қазақстанда тағы үй қымбаттай бастады.

Ұлттық статистика бюросы берген мәлімет бойынша күздің алғашқы айында жаңа үйдегі пәтер құны 1.5 % артқан.

Қымбатшылық Алматыда көбірек байқалды, мұнда үй бағасы бір айда бірден 5.2 % өсті.

Одан бөлек тізімде Павлодар (+2.9 %) мен Астана (+0.2 %) бар.

Екі қалада керісінше, жаңа пәтер арзандаған. Олар:

— Шымкент (—0.9 %);

— Көкшетау (—0.2 %).

Қалған 15 өңірде өзгеріс тіркелмеді.

Былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда тұрғын үй 5.7 % қымбаттады.

Өсім бойынша көш бастаған қалалар:

— Павлодар (+18.9 %);

— Семей (+16 %);

— Ақтау (+11.7 %).

Астанада жаңа бой көтеріп жатқан үйлердің құны — 5.8 %, Алматыда — 6.5 %, ал Шымкентте 1 % артты.

Қыркүйекте жаңа үйдегі пәтердің бір шаршы метрінің бағасы орта есеппен 493 705 теңге құрады. Бұл тамызбен салыстырғанда 7 341 теңге жоғары.

Ең қымбат жаңа үйлер мына шаһарларда орналасқан:

— Астана — 588 834 теңге;

— Алматы — 575 345 теңге;

— Шымкент — 444 193 теңге.

Ең арзанын мына қалалардан табасыз:

— Жезқазған — 160 мың теңге;

— Ақтөбе — 266 мың теңге;

— Орал — 277 мың теңге.

Қазір қандай кешендер салынып жатқанын және пәтер қаншадан саудаланып жатқанын Krisha.kz-тегі «Жаңа құрылыстар» бөлімінен білуге болады.

Похожие материалы