"Наркомандар укол салып отырады". Семейліктер ауданындағы кемшіліктерді тізіп берді
Редакциямыздың «Сіздің жаңалығыңыз» айдарына халық арасында «Треугольник» деп аталып кеткен ауданының тұрғындары жүгінді.
Тұрғындардың айтуы бойынша үйлеріне жету қауіпті, себебі Бозтаев көшесінде бағдаршам істен шығып, әлі жөнделген жоқ. Мұнымен қоса, бұл ауданда криминногенді ахуал да жоғары көрінеді. Себебі, есірткіге тәуелді адамдар жиі кездеседі екен.
"Мен Треугольник районда турамын. Жолдан өту өте кауіпті, светофорды әлі коскан жок. Гараждардың маңы мусор, наркомандар укол салып отырады, маскунемдер журеді", делінген хатта.
Балаларын уайымдаған ата-ана, тым болмағанда жарықтандыруды жасап беруін өтінеді.
"Бурынгы темір мостикті алып тастады, баскасын койды, бірақ өтуге ыңғайсыз, жарықтандыру жоқ, кап караңгы. Көмектесіңіздерші, окушылар, тренировкага баратын балалар өтеді", — деп налыйды жұрт.
Сурет: тұрғындардан