Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Елордалық ғалым қант диабетін ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

13.02.2024 02:11 В мире

Елордалық ғалым күрделі дертті ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты.

Аманжол Тұрлыбектің айтуынша, диабетке шалдыққан азаматтардың ас қорыту жүйесі бұзылады. Тиісті гармондар бөлінбейді.

Салдарынан адамның дем алысы өзгереді, аузынан ацетон иісі шығады. Ал осы екі ерекшелік арқылы құрылғы диабеттің бар-жоғын анықтайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Ғылыми жоба ойдағыдай аяқталса, смарт сағаттар арқылы қолдануға болады.

"Менің жоспарлауым бойынша бұл құрал барлық адамдарға қолдануға болатын болады, себебі қан талдамасын жүргізу және де басқа медициналық талдау қажет болмайды тек дем арқылы ғана. Құралды әзірлеу осы 2024 жылдың аяғына дейін жоспарланған." Аманжол Тұрлыбекұлы, ғалым

Елордалық тағы бір ғалым Бахтияр Ажкеннің жаңалығы обыр ауруымен байланысты. Өңештің қатерлі ісігіне шалдыққан азаматтарға тәжірибе жасай келе, 15 адамның 14-інен ауыз қуысы төңірегінен бөртпелер байқаған. Герпес пен обырдың байланысын әлі де зерттеп келеді. Зерттеудің келесі кезеңіне де көшкен.

"Қазақстанда бұл зерттеу жұмысын алғаш рет өткізіп жатырмыз. Герпес вирусын өңеш обырына шалдыққан азаматтардың 93 пайызынан анықтадық. Ендігі мақсат егер бөртпелерді фармокатерапия арқылы емдесек, онкологияны да жаза аламыз ба деген ой. Ғылым нақтылықты талап етеді. Сондықтан, зерттеу жұмысы жалғасады." Бахтияр Ажкен, ғалым

Қазір елімізде ғылыми зерттеумен айналысатын 400-ден аса орталық бар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 30 мыңға жуық адам ғылыммен айналысады. Оның үштен бірінің ғылыми дәрежесі бар.

Сурет: pixabay