Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Қазақстанда баспаналы болуға қандай жағдай жасалған

01.03.2024 17:09 В мире

Қазақстанда азаматтардың баспаналы болуы үшін қандай жағдай жасалып жатыр. Премьер-министр Роман Скляр депутаттың сауалына берген жауабында қабылданып жатқан тұрғын үй бағдарламалары жөнінде түсіндірді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Наурыз Сайлаубай халықты баспанамен қамтамасыз етудің жолын ұсынып, Үкіметке сауал жолдаған еді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттың сауалына жауап берді.

Сонымен қатар депутат жастарға 5% жарнамен үй беретін бағдарлама әзірлеуді ұсынған еді.

Роман Скляр атап өткендей, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін (ХӘОТ) Отбасы банк арқылы 2-5% жеңілдікпен несиелеу тетігі жұмыс істейді.

Банктің қаржылық тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау бойынша “Банктер және банк қызметі туралы” заң талаптарын сақтау мақсатында еңбек қызметінен түсетін табыстың болуы міндетті шарт екенін өту маңызды. Өз кезегінде, төлем қабілеттілігі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы екі тең қарыз алушыны тартуға мүмкіндігі бар. Сонымен қатар азаматтың жәрдемақысы қосымша табыс ретінде қарастырылуы мүмкін, — деді Үкімет мүшесі.

Бастапқы жарнаны енгізу қажеттілігіне қатысты бұл талап қарыздың жалпы сомасын, сондай-ақ табысы төмен азаматтар үшін аса маңызды аспект болып табылатын ай сайынғы төлем мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.

Склярдың айтуына қарағанда, Үкімет қазіргі уақытта банктің фокусын облыс орталықтарынан аудандарға, моноқалалар мен ауылдарға қайта бағдарлау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы бағыт бойынша салынған бастапқы нарықта тұрғын үй болмаған жағдайда, екінші нарықта тұрғын үйді банктің бағдарламаларына енгізу мәселесі пысықталып жатыр.

Сондай-ақ жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін банк жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, жеңілдікті шарттармен 5% мөлшерлемемен, бастапқы жарнасы 10% мөлшерлемемен кредиттеудің өңірлік бағдарламаларын іске асырады.

Оған қоса биылдың І тоқсанында азаматтардың жекелеген санаттарын, оның ішінде жастарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған «Отау» жаңа ипотекалық бағдарламасы іске қосылады. Бұл бағдарлама Банктің өз қаражаты және мемлекеттік бюджеттің қатысуынсыз тартылған қаражат есебінен қаржыландырылады.

Сыйақы мөлшерлемесі мен кредиттің басқа да шарттары тартылған ресурстардың, операциялық шығыстардың және басқа да факторлардың құнына қарай есептелетінін ескере отырып, олардың осы кезеңде төмендеуі мүмкін емес. Сонымен қатар тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына сәйкес алушының алғашқы жарнасын енгізу, салымын толықтыру не тұрғын үй сатып алу кезінде жақын туыстарының зейнетақы төлемдерін пайдалануға болады, — деп түсіндірді ол.

Сондай-ақ Мәжілістегі тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері жөніндегі заң жобасы шеңберінде санатқа қарамастан, соңғы 10 жыл ішінде тұрғын үйі жоқ барлық азаматтың тұрғын үйге кезекке тұру құқығы бар.

Бұл ретте тұрғын үй беру тетігін таңдау азаматтың мәртебесі мен табысына негізделеді, ал бөлу қою күніне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл шаралар мұқтаждарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға, оны алу рәсімдерін оңтайландыруға, сондай-ақ азаматтардың барлық санаттары арасында тұрғын үйді бірыңғай ашық бөлу тетігін енгізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында нақты шаралар қабылданып жатыр. Мәселен, Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде ХӘОТ үшін жалға берілетін тұрғын үй бөлу көзделген. Биыл осы бағыт бойынша 5 мыңға жуық пәтерге 67 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ жалдау ақысының бір бөлігін төлеу тетігі жұмыс істейді, ол бойынша биыл 13 мың төлем жүргізу жоспарланып отыр, — делінген Вице-премьердің ресми жауабында.

Бұдан басқа, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ арқылы екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық қарыздары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін 7%-ға дейін субсидиялау жүзеге асырылады. Биыл субсидиялар сомасы 700 млн теңге.

Азаматтардың төлемге қабілетті сұранысын қолдау үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігі жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік көмек немесе әлеуметтік қолдау түрінде бөлетін тұрғын үй сертификаттарымен жабылуы мүмкін.