Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Руслан Берденовке қастандық бойынша сот процесі басталды

28.07.2025 11:10 Страна.Мир

Берденовке үш рет оқ атылған.

Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 99-бабы 1-бөлігі ("Адам өлтіруге оқталу") бойынша азамат Ж.-ға қатысты қылмыстық іс түскен.

Аталған іс бойынша басты күдікті – Ернар Жиембай. Бұған дейін оның жұбайы – Луиза Алданова Instagram парақшасында мәлімдеме жасаған. Бірқатар БАҚ-тың жазуынша, Жиембай бұған дейін "Тұрғын үй Шымкент " ЖШС-нің директоры болған.

Еске сала кетейік, биылғы 21 сәуір күні кешке Шымкент қаласы әкімдігінің ғимараты маңында Руслан Берденовке оқ атылған болатын. Ол жараланып, ауруханаға жеткізілді. Күдікті сол жерде ұсталған.

Апаттан кейін әлеуметтік желіде қылмыстың себептері туралы түрлі нұсқалар тарап, оқиғаның тұрмыстық сипатта екені, тіпті қызғанышпен байланысты болуы мүмкін деген хабарламалар жарияланған.

Алайда Шымкент әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ресми мәліметке сәйкес, қастандықтың күдіктінің әйелімен болған қандай да бір қатынасқа байланысты жасалғаны – шындыққа жанаспайды.

Бұл туралы Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Айгерім Жұмақұлова мәлімдеді. Ол күдіктінің жұбайымен полиция департаменті ғимаратында кездескенін айтып, жас әйелдің Берденовпен таныс емес екенін нақтылаған.

Кейін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек әріптесіне жасалған шабуылға қатысты кейбір деректерді жария етті. Оның айтуынша, оқ атқан адамды шенеуніктің жүргізушісі ұстап берген. Сондай-ақ, Берденовке үш рет оқ атылғаны анықталды.

Сурет: instagram.com/ruslan_berdenov

Похожие материалы