Image

  • 63
  • 378
  • 40
  • 97
756 SHARES

Көкжөтел жұқтырғандардың дені вакцина салдырмаған

14.06.2024 08:43 Процессы

Бүлдіршіндердің 90 пайызы – ауруға қарсы екпе алмаған.

Бүлдіршіндердің 90 пайызы – ауруға қарсы екпе алмаған. 16 пайызға жуығы – екпе жасына жетпеген бала. Жалпы нәрестеге 2, 3, 4, 18 ай болғанда вакцина салдыруға болады, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандардың айтуынша, алғашында науқаста қарапайым суық тиюдің белгілері болады. Кейін жөтел дендеп, баланың дене қызуы көтеріледі. Оның алдын алу жолы – уақытында екпе егу, — дейді дәрігерлер.

" Көкжөтел жұқпалы болып табылады. Науқас жөтелгенде, сөйлегенде, түшкіргенде қасындағы адамдарға жұғады. Қандай да бір белгілері болса өзін өзі емдеумен айналыспай, дер кезінде тұрғылықты жердегі емханаларда медициналық қызметкерлерге қаралып, олардың ұсынған емін қабылдау қажет, сонымен қатар, ауырған балалар болса көпшілік баратын орындауға апармауын сұраймыз."Алмаш Ахметова, қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы

Солтүстік Қазақстан облысында да 46 адамның көкжөтел жұқтырғаны анықталды. Дені бала. Мамандардың айтуынша, олардың 95 пайызы жұқпалы дертке қарсы екпе салдырмаған.

Бұл дерт әсіресе, жаңа туған нәрестелер үшін өте қауіпті деп отыр. Өңірде былтыр көкжөтелмен ауырған адам тіркелмеген.

Сурет: pixabay

Похожие материалы